Алдағы үш тәулікте күн салқындайды

1 Тамыз 2022, 16:41
1646
Бөлісу:
Алдағы үш тәулікте күн салқындайды

Қазгидромет 2-4 тамыз аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктер болжамына сәйкес, алдағы үш күнде еліміздің солтүстік өңірлерінде күн салқындайды.

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде, қатты нөсерден кейін салқын ауа массаларына толы Солтүстік антициклон басымдық алады. Түнде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Қазақстанның оңтүстігінде жаңбыр болжанады, ал таулы және тау бөктеріндегі аудандарда, нөсер жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі, республиканың солтүстігінде тұман күтіледі, - делінген хабарламада.

Күндіз батыста +28 +33°С, оңтүстік-батыста +33 +38°С, солтүстік-батыста +18 +28°С.

Солтүстікте, шығыста және республиканың орталығында түнде термометрлер +7 +12°С дейін төмендейді, күндіз негізгі фон +17 +28 °С-ты, елдің оңтүстігінде болса +25 +34°С-ты құрайды.

Ал оңтүстік-шығыста +30 +35-тан +25 +30°С-қа дейін төмендейді, таулы аудандарда +22°С болады.

Өзгелердің жаңалығы