Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 10-12 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігіне Об шығанағы аудандарынан циклон жырасы әсер етеді. Жауын-шашын жауады, оңтүстік және шығыс бөлігінде кей жерде қатты жауын-шашын күтіледі. Басым бөлігінде жел күшейеді. Кей жерде тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі.