Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райына болжам жасады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 7-9 қыркүйек күндеріне арналған ауа райына болжам жасады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады. </h4>

 6 Қыркүйек 2019 2019, 13:07
6 Қыркүйек 2019 2019, 13:07
1644

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 7-9 қыркүйек күндеріне арналған ауа райына болжам жасады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Циклон және атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің солтүстігінде жауын-шашынды болмақ. Күндізгі уақытта ауа температурасы плюс 10…20°С, республиканың оңтүстік бөлігінде плюс 18…25°С болады. Бұл климаттық нормадан 3…5°С төмен.

Қазақстанда мұндай температура мен жаңбыр алдағы үш тәулікте де сақталады деп болжануда. Тек батыс облыстарда ауа райы жауын-шашынсыз болады.



Наверх