Алдағы үш күнге ауа райы болжамы: елімізде күн жылынуы мүмкін бе

28 Қазан 2024, 15:21
2886
Бөлісу:
Алдағы үш күнге ауа райы болжамы: елімізде күн жылынуы мүмкін бе
Фото: BAQ.KZ архив

"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша 29-31 қазанға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, Қазақстанның басым бөлігінде әлі де жауын-шашын күтілуде.

Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонының ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және тұман болжанады. 30 қазанда республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, сонымен қатар жел күшейеді деп күтілуде. Температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер болжанбайды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы