Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады.
Қазақстанның көптеген өңірлерінің ауа райына оңтүстік циклон әсер етеді, жаңбыр жауады, 16 шілдеде солтүстік-батыста, 16-17 шілдеде солтүстікте, 17 шілдеде республиканың шығысында найзағаймен, қатты желмен қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.
Демалыс күндері солтүстік-батыс антициклонның жотасы еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райына ықпал етеді. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
Ауа температурасының негізгі аясы: күндіз батыста +30+40°С, солтүстік-батыста +25+40°С, оңтүстік-батыста +36+45°С, оңтүстікте +33+42°С, оңтүстік-шығыста +20+35°С болса, еліміздің солтүстігінде + 24+33°С-тан +20+30°С-қа дейін, ортасында +27+38°С-тан +23+33°С-қа дейін, шығысында +21+33°С-тан +16+28 ° С-қа дейін төмендеуі күтіледі.