"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Қазақстан аумағына кезекті солтүстік-батыс циклонының келуімен бірге жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, көктайғақ құбылыстарын әкеледі, республиканың солтүстік жартысында бұрқасын күтілуде. Тек 21 қарашаға жақын республиканың батыс және солтүстік-батыс аймақтары жауын-шашынсыз ауа-райын әкелетін ауқымды антициклонның аймағында болады. Республика бойынша тұман мен екпінді жел күтіледі, - делінген хабарламада.
Температуралық фонда күрт өзгерістер болжанбайды.