Алдағы үш күнде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

3 Мамыр 2019, 11:35
1564
Бөлісу:
Алдағы үш күнде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМҚ 4-6 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстанға жылжыған антициклон республиканың көптеген облысында жауын-шашын мен күннің сууын тоқтатты. 

Қазгидромет мамандарының болжауынша, алдағы үш тәулікте солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. 

«6 мамырда күндізгі ауа температурасы кей жерде плюс 23-28°С, оңтүстік және орталықта плюс 27-32°С дейін жоғарылайды. Оңтүстік-шығыста алдағы үш тәулікте әлі де суық атмосфералық фронттың ықпалы сақталады, сондықтан кей жерде найзағаймен жаңбыр жауады, жел күшейеді. Жауын-шашынның тоқтауымен мұнда ауа көктемгідей тез жылынады», - делінген хабарламада. 

Ал еліміздің батыс облыстарында Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймағынан атмосфералық фронттардың жылжуымен найзағаймен жаңбыр және найғазай кезінде желдің дауылды күшеюі күтіледі. 

Өзгелердің жаңалығы