Алдағы үш күнде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

16 Қазан 2020, 13:37
1345
Бөлісу:
Алдағы үш күнде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аптаның соңы 17-19 қазанда республиканың басым бөлігі әлі де кең антициклонның ықпалында болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. 

Еліміздің көп аймағында жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына Обь өзенінің теңізге құйылған жерінен циклон әсер етіп, бұл жауын-шашын, желдің күшеюі, сондай-ақ ауа температурасының одан әрі көтерілуіне әкеледі. 

Алайда, 18 қазанда Солтүстік-батыс антициклонының басып кіруінен туындаған суық елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына келеді. 

19 қазанда ол елдің орталығы мен шығысына жетеді. Ауа температурасының күрт төмендеуі түнгі уақытта 0-8 аязға дейін, күндіз 5-15 жылыға дейін күтіледі, кей жерде жаяу бұрқасын, тұман, жолдарда көктайғақ болжануда. Қазақстанның қалған аумағында жылы және негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Өзгелердің жаңалығы