Алдағы үш күнде ел аумағында жаңбырлы ауа райы күтіледі

15 Шілде 2024, 21:46
464
Бөлісу:
Алдағы үш күнде ел аумағында жаңбырлы ауа райы күтіледі
Фото: BAQ.KZ архив

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, жауын-шашынды күн райына республиканың көп өңірінің циклонның ықпалында болуы әсер етеді.

16-17 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, 7-18 шілдеде солтүстік-батыста, оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің шығыс аймағында да жауын-шашын күтіледі. Бұршақ жауып, жел күшейеді деп болжанып отыр.

Республиканың батысында күндізгі ауа температурасы +25 +36°С, солтүстік-батысында +25+30°C болады деп күтілуде.

Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +27+37°С, оңтүстік-шығысында +25+35°С, солтүстікте, орталықта +21+30°С, шығысында +23+32°С дейін төмендейді.

Өзгелердің жаңалығы