"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы үш тәулік ішінде Қазақстан аумағының басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады, соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тек елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлері атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында қалып, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, төменгі боран, көктайғақ күтіледі. Түркістан облысының таулы аймақтарында 31 қаңтарда күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.
Ауа температурасына келетін болсақ, республиканың барлық аумағында біртіндеп жоғарылау байқалады. 31 қаңтар күндіз ауа температурасы батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде –5°С-тан +5°С-қа дейін, ал солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және елдің орталығында –2°С-тан –10°С-қа дейін жетеді.