Синоптиктер Астана мен Алматы қалаларында 18, 19 және 20 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астанадағы ауа райы болжамы
18 наурыз: Күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан секундына 2-7 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -7...-9 градус, күндіз +3...+5 градус жылы.
19 наурыз: Күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -5...-7 градус суық, күндіз +3...+5 градус жылы болады.
20 наурыз: Күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан секундына 0-5 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -2...-4 градус, күндіз +5...+7 градус жылы.
Алматыдағы ауа райы болжамы
18 наурыз: Күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, күндіз +11...+13 градус жылы болады.
19 наурыз: Күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, күндіз +13...+15 градус жылы.
20 наурыз: Күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3...+5 градус, күндіз +14...+16 градус жылы болады.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер наурызда ауа райы қандай болатынын хабарлаған еді.