Синоптиктер алдағы үш күнде – 2, 3 және 4 желтоқсанда Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астананың ауа райы болжамы
2 желтоқсанда күн райы ауыспалы бұлтты, күндіз аздаған жауын-шашын, жаңбыр, қар, тұман. Батыс бағыттан соққан жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде –1…–3 градус, күндіз 0…+2 градус.
3 желтоқсанда ауыспалы бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Қолайсыз көктайғақ. Оңтүстік-батыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде –0…–2 градус, күндіз 0…+2 градус.
4 желтоқсанда күн бұлтты, өткінші қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде –2…–4 градус, күндіз –0…–2 градус.
Алматыдағы ауа райы болжамы
2 желтоқсанда ауа райы ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –1…–3 градус, күндіз +7…+9 градус.
3 желтоқсанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –0…–2 градус, күндіз +9…+11 градус.
4 желтоқсанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде шамамен 0 градус, күндіз +10…+12 градус.
Еліміздің басым бөлігінде боран болады
Бұған дейін Қазгидромет синоптиктері 2, 3 және 4 желтоқсанға арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынған еді. Болжамға сәйкес, Қазақстанның көптеген өңірінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады – жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын түседі. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында төменгі бұрқасын, көктайғақ күтіледі.