«Қазгидромет» РМК синоптиктері 6-8 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
6-8 сәуірде оңтүстікте, 7-8 сәуірде оңтүстік-шығыста жауын-шашынды болады.
7 сәуірде Скандинавия аудандарынан солтүстік-батыс антициклонның енуінің әсерінен еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасының күрт төмендеп, қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде тұман, шаңды дауыл мен найзағай, солтүстікте, солтүстік-батыста – көктайғақ болады.
Солтүстік пен солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 2-12 аяз, күндіз 5 аяз - 7 жылыға дейін төмендейді деп күтілуде.