Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республиканың көп бөлігінде фронтальді бөліктің әсерінен жаңбырлы болады. Әсересе, солтүстік өңірде жауын-шашынды болмақ.
Тек оңтүстік өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
8-9 қыркүйекте түнде Қостанай, 9 қыркүйекте Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік жүреді.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 5–10, күндіз 14–22 жылы, солтүстікте және орталықта ауа температурасы түнде 2–7, күндіз 13-23 жылы, шығыста түнде 7–12, күндіз 20–25 жылы болады.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 10–15, күндіз 22–27 жылы болады.