Алдағы күндері жауын-шашынды болады

8 Тамыз 2022, 11:51
4778
Бөлісу:
Алдағы күндері жауын-шашынды болады

Синоптиктер республика бойынша 9-11 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солтүстік антициклонның сілемі, республиканың батыс жартысына әсер етеді, солайша алдағы тәулікте жауын-шашынсыз болады.

Елдің солтүстік, орталық, шығыс, оңтүстік бөлігіне, оңтүстік циклон қуыстары мен атмосфералық фронттар әсер етеді, бұл өз кезегінде жауын-шашынның түсуіне ықпал етеді. Солайша елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр болжанады. Күн күркірейді, бұршақ жаууы және қатты жел болуы мүмкін. 

Ауа температурасының негізгі аясы: күндіз батыста +30 +38°С, солтүстік-батыста +27 +35°С, солтүстікте +18 +25°С, орталықта +17 +28°С, шығыста +18 +30°С, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +23 +33°С шегінде, таулы аудандарда 13 +20°С.

Өзгелердің жаңалығы