Алдағы күндері Қазақстанның оңтүстігінде +28 градусқа дейін жылынады

Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ сақталады.

 BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 06:35
Бүгiн 2026, 06:35
97
Фото: BAQ.KZ архиві

«Қазгидромет» РМК  ұсынған болжамға сәйкес, 24-26 наурыз аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, сондай-ақ солтүстік пен шығысында жауын-шашын (жаңбыр мен қар) күтіледі. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кей жерлерде жауын-шашын мол түсуі мүмкін.

Күндіз батыс және оңтүстік өңірлерде найзағай, шаңды дауыл және желдің күшеюі болжанады. Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ сақталады.

Температура көрсеткіштері өңірлерге қарай әртүрлі болады:

  • батыста: +13…+23°C
  • солтүстік пен шығыста: +9…+14°C
  • орталықта: +10…+22°C
  • оңтүстікте: +18…+28°C
  • оңтүстік-шығыста: +12…+22°C

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 24 наурызға елдің 16 өңірінде дауылды ескерту жариялаған.

Наверх