Алдағы күндері қай өңірлерде қар жауады

27 Наурыз 2025, 16:32
2432
Бөлісу:
Алдағы күндері қай өңірлерде қар жауады
Фото: BAQ.KZ архив

Қазгидромет Алматы мен Астанада 28-30 наурыз аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы:

  • 28 наурыз – Күн құбылмалы, күндіз жаңбыр жауады. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Түнде температура 0-2°C, күндіз 6-8°C жылы.
  • 29 наурыз – Күн құбылмалы, түнде жаңбыр, қар аралас жауын-шашын күтіледі, тұман болады. Солтүстік-шығыс желі 3-8 м/с. Түнде 0-2°C суық, күндіз 8-10°C жылы.
  • 30 наурыз – Күн ашық, жауын-шашынсыз. Шығыс желі 2-7 м/с. Түнде 0-2°C суық, күндіз 11-13°C жылы.

Астана:

  • 28 наурыз – Күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Түнде 3-5°C суық, күндіз 7-9°C жылы.
  • 29 наурыз – Күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс, шығыс желі 3-8 м/с. Түнде 1-3°C суық, күндіз 9-11°C жылы.
  • 30 наурыз – Күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде 0-2°C суық, күндіз 10-12°C жылы.

Қазгидромет болжамы бойынша, алдағы күндері елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Кей аймақтарда тұман түсіп, жел күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы