"Қазгидромет" РМК синоптиктері 26-28 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Циклондық белсенділіктің әсері Қазақстанның барлық аумағында сақталады.
Осыған байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) және көктайғақ болжанады, тұман, бұрқасын және желдің күшеюі 15-28 м/с, 26 желтоқсанда солтүстік өңірлерде өте қатты жел 30 м/с және одан аса болады деп болжануда.
Ауа температурасында күрт өзгерістер болмайды.
Оқи отырыңыз: