Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бойынша 5-7 сәуірге арналған ауа райы болжамын Қазгидромет жариялады.
Қазақстанның солтүстік, батыс, шығыс өңірлері Солтүстік-Батыс циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің ықпалында болады.
Циклон бұл аймақтарға негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашын әкеледі, желдің күшеюі, түнгі уақыттарда — көктайғақ болжанады.
Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлеріне Иранның аудандарынан жылы ауа массалары шығарылады деп күтілуде, олармен таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай болжанады. Күндіз бұл аудандарда термометр бағандары + 20 + 28 градусқа дейін жетеді.