Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

21 Ақпан 2022, 14:47
1389
Бөлісу:
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 22, 23 және 24 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының оңтүстік жартысы ауқымды антициклон ықпалында болады. Антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Алайда елдің солтүстік жартысына фронталь бөліктер әсер етеді - қар жауады, боран соғады, жел 15-23 м/с дейін күшейеді, республика бойынша тұман және көктайғақ күтіледі. Еліміздің солтүстігі мен орталығында түнде 5-20 градус аяз, шығысында 10-29 градус аяз, оңтүстігінде 5 градус аяздан 5 градусқа дейін жылы, батысында 0-10 градус аяз болады, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы