Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 28-30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Солтүстік-Батыс циклоны елдің солтүстігіне, солтүстік-батысына және шығысына әсер етеді.
Соның әсерінен қар жауып, боран соғып, жел күшейеді.
Суық ауа массаларының басып кіруінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды және температура төмендейді, тек шығыс пен оңтүстік-шығыста ғана тұрақсыз ауа райы сақталады.
Термометр бағандары түнгі уақытта республиканың солтүстік жартысында 25-32 градус аязға дейін, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік және шығыс өңірлерде 10-18 градусқа дейін төмендейді