Алдағы күндер аязды болады

15 Қаңтар 2024, 18:17
11301
Бөлісу:
Алдағы күндер аязды болады
Фото: BAQ.KZ -архив

2024 жылғы 16-18 қаңтарға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын "Қазгидромет" ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның көптеген облыстарында ауқымды антициклон әсерінен ашық аязды ауа-райы сақталады. Тек елдің батысы мен оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа-райы күтіледі, қар түрінде жауын-шашын болады, жел мен бұрқасын күшейеді.

Негізгі температуралық фон солтүстікте, шығыста және орталықта түнде 25-33, күндіз 15-23 аяз, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 5-15, күндіз 2-7 аяз, ал батыста түнде 8-18 аязға дейін, күндіз 3-15 аязға дейін төмендейді.

Өзгелердің жаңалығы