Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1-2 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жәрмеңке өткізеді, деп хабарланды Елорда Инфо сайтында.
Жәрмеңкеге 55-тен астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, жалпы құны 116,0 млн теңгені құрайтын 365 тонна өнімдерін шығарады. Отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына базардағы құнынан 10-15% төмен бағада ұсынылады.
Сонымен қатар, 1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай арнайы орын белгіленіп, 16 жасқа дейінгі балаларға Түркістан облысы кәсіпорындарынан шығарылатын табиғи таза балмұздақ пен сүт өнімдері тегін үлестірілетін болады.
Мемлекет басшысының салихалы саясатының, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған ауқымды қолдаулардың нәтижесінде Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешені инновациялық-индустриялдық даму үстінде.
Өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнімділікті еселеп арттыру мақсатында инвестициялық жобаларды іске асыруға басымдылық беріліп отыр. Оның ішінде, биылғы жылдың өзінде ауыл шаруашылығы саласында алдынғы қатарлы технологияларды қолдана отырып және халықты жұмыспен қамту мақсатында жалпы құны 89,0 млрд теңгені құрайтын 480 жобаларды іске асыру жоспарлануда.
Нәтижесінде 4620 жаңа жұмыс орындары ашылады. Бүгінгі күнге 150 жобалар іске асырылды. Оның ішінде егіс алқаптарынан 2-3 өнім алу жобаларына басымдылық беріліп 69 жоба іске асырылды. Жалпы осы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылдан 9,8 мың гектарға артып 823,3 мың гектарға орналастыру жоспарланған.