Елімізде алдағы бес жыл ішінде тамақ өнімдерін өндіру көлемі 1,5 есеге дейін ұлғаяды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Сенатта өткен үкімет сағатында мәлімдеді.
Айтуынша, жалпы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы тұрақты өсуді көрсетіп отыр, дегенмен жекелеген бағыттар бойынша проблемалар бар.
Министрлік Тамақ және өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған жол картасы іске асырылуда. Үйлестіруді арттыру үшін және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді ынталандыру үшін 2021 жылы министрліктің құрылымында Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті құрылды, ол саланың проблемалық мәселелерін шешуге шоғырланған және осы мәселелер бойынша салалық қауымдастықтармен және одақтармен белсенді өзара іс-қимыл жасайды, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сонымен қатар ол алдағы бес жылдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.
2024 жылдың соңына дейін жалпы сомасы 395 млрд теңгеге қайта өңдеу бойынша 108 жаңа инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, бұл жоғары деңгейде өңделген тауарлар өндірісінің өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қабылданып жатқан шараларды іске асыру нәтижесінде бес жыл ішінде тамақ өнімдерін өндіру көлемін 1,5 есеге ұлғайту, сондай-ақ салаға 700 млрд теңгеге дейін инвестиция тарту жоспарда бар, - деді Ербол Қарашөкеев.