Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

4 Наурыз 2019, 12:17
2073
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. Синоптиктер алдағы үш күнде еліміздің кей өңірлерінде жел, бұрқасын және көктайғақ болады деп болжайды.

Наурыздың бірінші демалыстарында ауа температурасы Қазақстанның батыс және қиыр солтүстігінен басқа аймақтарда климаттық нормадан 7…13°С, батыста 1…3°С жоғары, ал максималды ауа температурасы 0°С жоғары болды.

Алдағы үш тәулікте республиканың басым аймақтарында ауа райын бұрыңғыдай атмосфералық фронттар анықтайды, сонымен байланысты солтүстік және шығыс аймақтардың кей жерлерінде қар, бұрқасын, қатты батыс желі және көктайғақ күтіледі. Қазақстанның басқа аймақтарында жылбысқы қар, оңтүстікте жаңбыр болжанады.

Өзгелердің жаңалығы