Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК-сы 2021 жылдың 19-21 қазан аралығындағы күн райы болжамын жариялады.
Болжамға сәйкес, үнді жазын Қазақстан аумағына әкелген Антициклонның ықпалынан еліміздің шығысында ғана күн жауын-шашынсыз жылы болады. Республиканың қалған бөлігіне Мурманск аудандарынан келген циклон әсер ете бастайды.
Ол ел аумағы арқылы жылжып, жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жаууына ықпал етеді. Сондай-ақ, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте жаяу бұрқасын соғып, ауа температурасы төмендейді.
Оқи отырыңыз: