Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

17 Сәуір 2019, 14:48
1786
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның оңтүстігіндегі белсенді фронтальды бөліктермен алдағы үш тәулікте жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр және найзағай күтіледі.

Суық арктикалық атмосфералық фронттармен республиканың солтүстік облыстарында жауын-шашын, жаңбыр, қар, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы 2-10°С аязға дейін төмендейді. Сондықтан ауа температурасының климаттық нормадан 2-5°С төмен, ал оңтүстік облыстарда 2-5°С жоғары болуы күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы