Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің бірнеше аймағында жауын-шашынды болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
12-14 наурызда Скандинавиялық жылы Атлантикалық циклон еліміздің батыс өңірлерінің ауа-райын анықтап, әрі қарай шығыс бағытта жылжу арқылы Қазақстанның қалған аумағына да әсер етеді.Осыған байланысты жауын-шашын, тұман, ауа температурасының біртіндеп көтерілуі, сондай-ақ екпінді жел 15-20 м/с, 14 наурызда республиканың солтүстік-батыс және солтүстігінде 23-28 м/с дейін күшейеді.