Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

14 Қыркүйек 2019, 10:38
1739
Бөлісу:
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидрометтің хабарлауынша 14-16 қыркүйек күндері ауа райы республика бойынша жауын-шашынды болады.

"Республиканың оңтүстік жартысына белсенді бұлтпен, кей жерлерде найзағаймен өткінші жаңбыр тудырып, Қазақстанның оңтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарында бұршақ жаууы ықтимал. Ал Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс аймағынан келетін атмосфералық фронттармен республиканың батыс және солтүстік өңірлерде найзағаймен жаңбыр, екпінді жел күтіледі. Климаттық нормаға жақын ауа температурасы болжанады, ал үсік Қазақстанның тек шығысында болуы ықтимал", - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы