Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМҚ алдағы үш күнге арналған ауа райы божамын ұсынды.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің солтүстігінде бір аптаға жуық жауын-шашынсыз және жылы ауа райымен байланысты болған антициклон құлдырайды. Оның орнына Орал аймағынан суық арктикалық фронттардың келуімен, жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
Демалыс күндері оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда қысқа мерзімге жауын-шашынсыз, жылы ауа райы күтіледі. Бірақ дүйсенбі күні бұл аймақтарда да өткінші жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі.