Алдағы үш күн жауын-шашынды болмақ

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Қазгидромет алдағы үш күнге 9-11 маусымға&nbsp;арналған ауа райы болжамын ұсынады.</h4>

8 Маусым 2020 2020, 12:55
АВТОР
 8 Маусым 2020 2020, 12:55
8 Маусым 2020 2020, 12:55
2044

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге 9-11 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Алдағы үш күнде жоғары циклон Қазақстанның көптеген өңірлерінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууына себеп болады. 

Тек республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында антициклонның ықпалында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Еліміздің батыс бөлігінде күндізгі температура көпжылдық орташа мәннен 0...4 градусқа жоғары, оңтүстік-шығыста нормадан 0...4 градусқа төмен, ал қалған аумақта температура нормаға шамасында болады, - делінген хабарламада.

Наверх