Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 20-22 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің болжамы бойынша, жоғарғы атмосфералық қысымның аясында Қазақстанның солтүстік аймағы арқылы жылжитын фронттар тек кей жерде найзағаймен өткінші жаңбыр алып келеді.
Республикамыздың оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі.
Ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы батыс және оңтүстік аймақтарында болжанады, күндіз ауа температурасы 30...35, кей жерлерде 36…40°С-қа дейін көтеріледі.