Астана, baq.kz. Елордада алдағы күндері күндіз көшпелі бұлт шығып, құбылмалы ауа райы сақталса, ал түнде температура төмендейді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, сәрсенбіде Астанада күн бұлтты болады, аздап қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болмақ. Ауа температурасы түнде -9...-11°С, күндіз -6...-8°С.
«10 қаңтарда көшпелі бұлт шығып, түнде аздап қар жауады. Солтүстік-батыстан екпіні 7-12 м/с жетітін жел соғады. Ауа температурасы түнде -21...-23°С, күндіз -14...-16°С құрайды. 11 қаңтарда да күн бұлтты болып, аздаған қар жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с құрайды. Сынап бағанасы түнде -26...-28°С, күндіз -15...-17° көрсетеді», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.