Алматы, BAQ.KZ. Хавьер Фернандестің жетекшілігімен Испания төрешілер құрамы Ұлттар лигасы аясында Албания-Қазақстан ойынында қызмет көрсетеді, деп хабарлайды olympic.kz сайты.
Ойынның төрешісі - Хавьер Эстрада Фернандес. Төрешінің көмекшілері - Роберто Алонсо, Гуадалупе Поррас. Төртінші рефери - Рикардо де Бургос.
Албания-Қазақстан арасындағы кездесу 15 қараша күні елорда уақытымен 23:00-де басталады.
Матч Тирандағы "Арена Комбетареде" өтеді.