Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алаяқтықтың жаңа схемасы: ҚМА азаматтарды сақ болуға шақырды

17 Қыркүйек 2025, 06:35
515
Бөлісу:
 Қаржылық мониторинг агенттігі
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) қазақстандықтарға алаяқтардың жаңа айла-тәсілдері туралы ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Агенттік дерегінше, қылмыскерлер орта және жоғары оқу орындарында, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерде тексеріс жүргізіліп жатыр деген жалған хабарламалар таратып жүр. Сенім ұялату үшін олар ҚМА-ның жалған логотиптері мен мөрлері бар бланкілерді пайдаланып, құжат талап етеді немесе «ынтымақтастыққа» шақырады.

Алаяқтықтың жаңа схемасы: ҚМА азаматтарды сақ болуға шақырды

Бұдан бөлек, өзін агенттік қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, банк шоттары туралы ақпарат алуға тырысады. Кейбір жағдайларда олар мессенджерлер арқылы «тексеріліп жатқан тұлғалар тізіміне енгізілгенсіз» деп хабарлап, ақша бопсалаған.

Шағымдарда жиі қайталанатын тектер: Мықтыбаев, Хамзин, Жалымов, Жалымбетов.

ҚМА ресми түрде мәлімдеді:

  • агенттік мұндай тексерістер жүргізбейді;
  • ресми хатсыз телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды;
  • азаматтарға қоңырау шалмайды;
  • ақша аударуды талап етпейді;
  • тек заң аясында әрекет етеді.

Агенттік халықты алаяқтардың айласына алданбауға шақырды. Күмәнді жағдайларда 1458 нөміріне немесе +7 (727) 279-20-86 кезекші бөліміне хабарласу ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы