«Оқуға түсірем, пәтер алуға көмектесем» деп елді алдап келген алаяқ ұсталды

9 Қазан 2020, 16:47
2449
Бөлісу:
«Оқуға түсірем, пәтер алуға көмектесем» деп елді алдап келген алаяқ ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда қарапайым азаматтардың есебінен 35 млн теңгеге пайда тапқан алаяқ ұсталды. 

Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Алмалы ауданы Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақовтың айтуынша, алаяқ 2018 жылдан бері өзінің арам пиғылын іске асырып келген.

Біздің басқарманың тергеу бөлімі ірі көлемдегі алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр. Заңсыз әрекеттерді Түркістан облысының тумасы 1987 жылы туған К. есімді азамат жасаған. Күдікті пайдакүнемдік мақсатпен өз таныстары мен достарының арасында Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарына түсіруге мүмкіндігі бар екенін, келесі бір таныстарына мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтер алуға көмектесе алатынын, басқаларға жер учаскесін алуға ықпал ете алатыны туралы қауесеттер таратқан. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын көлемі 35 миллион теңгеден асады. Олардың үшеуі полицияға шағым түсірді, – дейді ол.

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімі (Ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Алматы қаласының ПД осы азаматтың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендердің барлығына төмендегі телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұрайды: 8 (705) 771-13-71 8 (702) 333-42-64 8 (775) 106-18-84.

«Оқуға түсірем, пәтер алуға көмектесем» деп елді алдап келген алаяқ ұсталды

Өзгелердің жаңалығы