Алаяқтық бойынша сотталған азамат пробация қызметкеріне 40 мың теңге пара ұсынған

29 Тамыз 2020, 15:40
2152
Бөлісу:
Алаяқтық бойынша сотталған азамат пробация қызметкеріне 40 мың теңге пара ұсынған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда пробация қызметінің қызметкеріне пара ұсынудың тағы бір дерегі әшкере болды. 

30 жастағы ер адам пробация қызметкеріне тәртіптік жауапкершілікке тартпауы және бас бостандығынан айыруға ауыстыру үшін материалдарды сотқа жібермеуін сұрап, 40 000 теңге пара ұсынған. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараз қалалық №2 пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Айдос Түстікбаевқа пара ұсынған азамат қолға түсті. Алдын ала тергеу барысында ол өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі таңда оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау және қылмыстық істі ҚІБ тәртібінде аяқтау туралы мәселе шешілуде. Айта кетейік, алдағы уақытта бұл бағытта жұмыстар өз жалғасын табады - деді Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Бекболат Ескеев.

Еске сала кетейік, Жамбылда бірер күн бұрын пробация қызметкеріне 20 000 теңге көлемінде пара ұсынған әйел ұсталған еді.

Өзгелердің жаңалығы