Алатау қаласына ерекше құқықтық мәртебе беріледі

Заң кәсіпкерлік қызметтің негізгі бағыттарын қамтиды.

 gov.kz Бүгiн 2026, 11:22
Бүгiн 2026, 11:22
107
Фото: gov.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Алатау қаласына ерекше құқықтық мәртебе берілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы бірнеше рет ерекше құқықтық мәртебе артықшылық емес, қажетті құрал екенін атап өтті. Ұсынылып отырған заң жобасы осы қағидатқа негізделген. Конституциялық заң негізінде Алатауда арнайы құқықтық режим қалыптасады. Ол кәсіпкерлік қызметтің негізгі бағыттарын қамтиды. Нәтижесінде Алатау жаңа басқару және технологиялық шешімдерді енгізуге мүмкіндік беретін заманауи реттеуші алаңға айналады, - деп түсіндірді вице-премьер.

Айтуынша, қалада сынақтан өткен тиімді тетіктер алдағы уақытта Қазақстанның басқа өңірлерінде де таралуы мүмкін.

Халықаралық тәжірибеде мұндай жобалар «charter cities» деп аталады. Алатау қаласында тек салықтық жеңілдіктер ғана емес, сонымен бірге бизнесті реттеу, инвесторларды тарту және инвестициялық дауларды шешу жүйесін қамтитын толық экожүйе қалыптастыру жоспарланып отыр, - деді Қанат Бозымбаев.

Наверх