Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Алатау ауданының экс-әкімі Шахмерден Рыспаев тергеу сотының санкциясы бойынша екі айға қамалды.
Бұл мәліметті Алматы қалалық соты да растады.Тергеу сотының үкімімен күдіктіні екі ай мерзімге қамау санкциялық шарасы шықты, - делінген соттың баспасөз қызметінің мәліметінде.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі экс-шенеунікті ұстау сәтіндегі видеоны жариялаған. Сондай-ақ шенеуніктің 2019 жылы ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны айтылған болатын.