Тәуелсіздік күні: Астанадағы ірі сауда орталығында Алаш қайраткерлерінің бейнесі бормен салынды

Бүгiн, 14:22
108
Бөлісу:
Тәуелсіздік күні: Астанадағы ірі сауда орталығында Алаш қайраткерлерінің бейнесі бормен салынды

Ел Тәуелсіздігі күніне орай MEGA Silk Way сауда орталығында әуесқой суретші Шамиль Бекбулатов Алаш арыстарының бейнесін бормен салды. Сурет өнерінің бұл ерекше туындысы сауда орталығының келушілерін таңқалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шамиль Бекбулатов бормен салу техникасын қолданып, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар – Алаш қайраткерлерінің бейнесін көрнекі түрде жеткізіп, туындыда Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов бейнелері көрініс тапты. Сурет салуға барлығы алты сағат уақыт кетті.

Тәуелсіздік күні: Астанадағы ірі сауда орталығында Алаш қайраткерлерінің бейнесі бормен салынды

Сауда орталығына келген халық суретшінің еңбегіне үлкен қызығушылық танытып, суретке түсіп, жылы лебіздерін білдірді. Әлеуметтік желілерде көпшіліктің ықыласына бөленген Шамильдің жұмысы ел тарихына, Алаш қозғалысына деген ерекше құрметті паш етті.

Тәуелсіздік күні: Астанадағы ірі сауда орталығында Алаш қайраткерлерінің бейнесі бормен салынды

Тәуелсіздік күні – еліміз үшін маңызды мейрам. Осы күнге орай Алаш арыстарының бейнесін салу арқылы олардың ұлт үшін жасаған ерліктерін еске салуды мақсат тұттым. Тарихымызды ұмытпау – біздің парызымыз, – дейді суретші Шамиль Бекбулатов.

Халықтың алғысына бөленген бұл көркем туынды еліміздің өнер сүйер қауымының жадында ұзақ сақталары сөзсіз. 

Тәуелсіздік күні: Астанадағы ірі сауда орталығында Алаш қайраткерлерінің бейнесі бормен салынды
Тәуелсіздік күні: Астанадағы ірі сауда орталығында Алаш қайраткерлерінің бейнесі бормен салынды
Өзгелердің жаңалығы