Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Алапат апат": Филиппинге супертайфун жақындап келеді

Әсел ӘБІЛБЕК
22 Қыркүйек 2025, 11:20
1676
Бөлісу:
 ВВС
Фото: ВВС

Филиппинде мыңдаған адам эвакуацияланды. Себебі «Рагаса» супертайфуны елге жақындаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, секундына 230 км/сағ жылдамдықпен соғатын «Рагаса» дүйсенбі күні халық аз қоныстанған солтүстіктегі аралдарға соққы беріп, кейін Батысқа Қытайдың оңтүстігіне қарай бағыт алуы мүмкін.

Филиппин метеорология бюросы «Рагаса» 3 метрден асатын қауіпті толқындар тудыратынын ескертті. Елдің көптеген өңірінде мектептер мен мемлекеттік мекемелер уақытша жабылды. Билік ірі су тасқыны, көшкін, үйлер мен инфрақұрылымға зақым келуі мүмкін екенін хабарлады.

Апат орталығында қалуы ықтимал Батанес пен Бабуян аралдарында шамамен 20 мың адам тұрады. Олардың басым бөлігі кедейшілік жағдайда өмір сүреді.

Аралдар Тайваньнан 740 шақырым қашықта орналасқан. Тайваньның шығысындағы Хуаляньда шамамен 300 адам қауіпсіз жерге көшірілді. «Рагаса» аралға тікелей соқпайды дегенмен, Тайваньның шығыс жағалауы қатты жауын-шашынның астында қалмақ. 

Осыған байланысты елдің оңтүстік және шығысындағы орман саябақтары мен табиғи жолдары уақытша жабылды, кейбір паром қатынастары тоқтатылды.

Мамандардың айтуынша, супертайфун 5-санатты ураганға тең.

Өзгелердің жаңалығы