Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 15 маусымынан бастап «Алматы - Достық» бағытындағы жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды. Пойыз аптасына 2 рет жүреді.
Сонымен қатар 2021 жылдың 18 маусымынан бастап «Алматы-Достық» бағыты бойынша аптасына 3 рет тағы бір жолаушылар пойызын шығару жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласынан қолданыстағы жолаушылар пойыздарының схемасы кемінде 2 вагонға ұлғайтылатын болады (№258/257 Нұр-Сұлтан-Достық, №54/53 Нұр-Сұлтан-Достық).
Жолаушылар ағыны артқан сайын тіркемелі вагондардың саны мезгіл-мезгілімен көбейетін болады.
Бүгін Алакөл көлі бағыты бойынша келесі маршруттар ұйымдастырылды:
Нұр-Сұлтаннан:
- № 54/53 «Нұр-Сұлтан НЖ-Достық» (жыл бойы), «Жолаушылар тасымалы» АҚ тасымалдаушысы (дүйсенбі, жұма);
- №258/257 «Нұр-Сұлтан-1-Достық» (20.06.21 ж. бастап), «Жолаушылар тасымалы» АҚ тасымалдаушы (бейсенбі, жексенбі);
- «Нұр-Сұлтан-1-Достық» №122/6942/6941/121 (жыл бойы) пойыздарындағы тікелей вагондар, «АрайТрансKZ» ЖШС тасымалдаушысы (жұп күндері).
Алматыдан:
- №453/454 «Алматы-2-Достық» (жазғы 18.06.21 ж. бастап) тасымалдаушы «Тұран Экспресс «ӨК» ЖШС (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);
- №21/6942/6941/22 Алматы-1-Достық (жазғы) пойыздарындағы тікелей қатынайтын вагондар, тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (жұп күндері).
Айта кету керек, Алакөл курорттық аймағына билет сату бойынша жағдай тұрақты бақылауда. Теміржол билеттерін сатудың электрондық жүйесі жетілдірілген. Билеттерді сатып алу процесі ашық, билеттерді сатумен байланысты заңсыз әрекеттер жасау мүмкін емес. Жол жүру құжаттарын сатуды ашу кезінде туроператорлар билеттерді жалпы негіздерде сатып алады, ал жолаушылар тобына жол жүру құжаттарын сатуды ұйымдастыру жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтінімі бойынша орындар болған кезде пойыз жөнелтілгенге дейін кемінде 45 тәуліктен 6 тәулікке дейін жүргізіледі, - делінген ИИДМ хабарламасында.