Алакөлге апаратын жолдарға асфальт төселді

29 Маусым 2024, 03:09
263
Бөлісу:
Алакөлге апаратын жолдарға асфальт төселді
Фото: BAQ.KZ архив

Алакөлге апаратын жолдарда қозғалыс ашық, асфальт төселді, деп хабарлайды BAQ.KZ Жетісу облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Алакөл көліне оңтүстік жағынан бару үшін «Талдықорған – Өскемен» автомобиль жолынан Жетісу облысындағы Үшарал кентіне жетіп, содан кейін іргелес жатқан "Үшарал-Достық" жолына өту қажет. Көл жағасымен Жетісу облысының Достық ауылына қарай өтетін бұл учаскенің ұзындығы 180 шақырымды құрап отыр.

Ал "Талдықорған – Өскемен" автомобиль жолынан Алакөлдің солтүстік жағалауына бару үшін республикалық маңызы бар "Таскескен – Бақты" автомобиль жолына өту керек. Ұзындығы 133 шақырымды құрайтын бұл учаске Абай облысының Мақаншы ауылына апарады. Одан әрі Мақаншы ауылынан көлге жету үшін облыстық маңызы бар "Мақаншы – Жалаңашкөл" автомобиль жолымен жүруге болады.

Айта кетерлігі, Алакөл көліне жолаушылар республикалық маңызы бар «Талдықорған – Өскемен» автомобиль жолы арқылы қатынайды. Ұзындығы 768 шақырым жолға толығымен асфальт төселген.

Өзгелердің жаңалығы