Жетісу облысының құтқарушылары қайықтағы адамдарды құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
Бүгін Алакөл көлінде 5 адам жағадан 15 шақырым қашықтыққа алыстап қайық қозғалтқышының ақаулығынан су айдынында қалып қойған. ТЖМ қызметкерлері адамдарды жағалауға жеткізіп құтқарды. Демалушыларға медициналық көмек қажет болған жоқ, - делінген ведомство хабарламасында.
Министрлік демалушыларға сақ болуды, өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасау қажеттігін ескертеді.