Алакөлде адамдар мінген дельтаплан суға құлады

Алакөлде дельтапланмен ұшқан адамдар суға құлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 26 Шілде 2024 2024, 08:52
26 Шілде 2024 2024, 08:52
1221
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Алакөлде дельтапланмен ұшқан адамдар суға құлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Жетісу облысында Ақши ауылының маңындағы Алакөл көлін патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары дельтапланмен ұшу кезінде суға құлаған 2 адамды құтқарды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Ер мен әйел адам медицина қызметкерлеріне берілді. Қаза тапқандар жоқ.

Ал Азаматтық авиа комитеті бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізілетінін айтты.

Наверх