Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 шілде күні Алакөлге демалуға келген қыз бала жоғалып кетті. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
2022 жылғы 4 шілдеде Алакөл көлінің жағалауына күнделікті патрульдеу жүргізу кезінде Алакөл өңірінің жедел-құтқару жасағының құтқарушыларына Жетісу облысы Алакөл ауданының Ақши ауылында демалып жатқан 2018 жылы туған қыздың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Ол ата-анасымен бірге Алматыдан демалуға келген.
Құтқарушылар дереу іздеуді бастады. Іздеу көлдің жағасында көптеген демалушылардың болуымен қиындады. Жарты сағат ішінде ата-анасының орналасқан жерінен шамамен 600 метр қашықтықта қыз тірі және зиянсыз болып табылды. Медициналық көмек қажет емес еді. Ата-аналармен судағы қауіпсіздік ережелері және су маңындағы кәмелетке толмаған балаларға үнемі назар аудару қажеттілігі туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді, – делінген хабарламада.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды суға шомылу маусымында барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.