Алакөл көлінде 5 адам құтқарылды

ТЖМ қызметкерлері Алакөл көлінде 5 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Видеодан кадр 29 Маусым 2024 2024, 16:35
29 Маусым 2024 2024, 16:35
968
Фото: Видеодан кадр

ТЖМ қызметкерлері Алакөл көлінде 5 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жағалау аймағын қайықпен патрульдеу кезінде құтқарушылар катамараннан суға түскен ер адамдарға судан шығуға көмектесті.

Кейін олар жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады. Адамдар су көлігін басқара алмаған.

ТЖМ азаматтардан судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды.

Наверх