Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "SCAT" әуе компаниясы" АҚ сыйымдылығы 50 адамдық Bombardier CRJ200 типті әуе кемесімен субсидияланатын келесі рейстерді орындайды. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр–Сұлтан – Үшарал – Нұр-Сұлтан бағытында 2020 жылғы 27 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Жолаушыны бір жаққа тасымалдау тарифі 16 000 теңге.
Алматы – Үшарал – Алматы бағытында 2020 жылғы 28 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Бір жаққа билет құны 10 000 теңге.
"Оңтүстік аспан" АҚ сыйымдылығы 50 адамдық АН-24 әуе кемесімен субсидияланатын келесі рейстерді орындайды.
Алматы – Үржар – Алматы бағытында 2020 жылғы 23 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Жолаушыны бір жаққа тасымалдау тарифі 14 000 теңге.
Нұр-Сұлтан – Үржар – Нұр-Сұлтан бағытында 2020 жылғы 23 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Жолаушыны бір жаққа тасымалдау тарифі 16 000 теңге.
"SCAT" әуе компаниясы" АҚ өтінімі бойынша қыркүйек пен қазан айларында жиіліктің азаюын ескере отырып, Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Үшаралға аптасына қосымша 7 рейске көшіру мәселесі қарастырылуда.
Сондай-ақ, министрлік 2020 жылға бөлінген субсидия көлемін ұлғайту және халықтың туристік қажеттілігін қанағаттандыру үшін Алматы – Жезқазған – Алматы, Нұр-Сұлтан –Балқаш – Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан – Үшарал – Нұр-Сұлтан бағыттарында қосымша рейстерді шілде айынан бастап іске қосу мәселесін пысықтауда.