Алакөлде демалуға шектеу жоқ

27 Маусым 2020, 19:02
1876
Бөлісу:
Алакөлде демалуға шектеу жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен мен Семей қалаларында карантин шараларының күшейтілгенімен, Алакөл демалыс базалары демалушыларды қабылдай береді.

Бұл туралы Туризм және сыртқы байланыс басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews.

ШҚО-дағы ең танымал көлдегі демалыс базалары 13 маусымнан бастап ашылған болатын. Қазір ол жаққа көліктің барлық түрлері жүріп түр: пойыз, ұшақ, автобус.

Демалыс базаларында барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталған. Демалушылар әлеуметтік ара қашықтық пен маскалық режимді сақтауға, антисептик қолдануға тиіс.

Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, Алакөлде демалу үшін Covid-19 инфекциясына тест тапсырып, анықтама алып келу қажет.

Өзгелердің жаңалығы