Алакөл жаңа туристік маусымға дайын ба?

11 Маусым 2020, 06:48
1932
Бөлісу:
Алакөл жаңа туристік маусымға дайын ба?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Алакөл көлінің жаңа туристік маусымға дайындық барысымен танысты. Кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Бұл туралы әкім әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қазіргі уақытта біздің барлығымыз үшін біздің азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау басты мәселе болып табылады. Әрине, біз бизнес толық жұмыс істеуді, дамуды, жұмыс орындарын құруды және демалушылар кедергісіз келуді қалаймыз. Бірақ, коронавирусқа байланысты бүкіл әлемде қалыптасқан қазіргі жағдай санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаңдатуға мәжбүр етеді. Алакөлдің шығыс жағалауында ұзындығы 2 км-ден асатын бірыңғай серуендеу және жағажай аймағы бар. Қазіргі таңда бұл жағалаудың ерекшелігі жаппай жұқтыру қаупін тудырады, - деп Даниал Ахметов карантин талаптарын қатаң сақтауды ескертті.

Сонымен қатар, демалушылар үшін жылжымалы медициналық пункттер ұйымдастырылғанын атап өткен.

Сондықтан барлық базалар демалушыларды ПЦР немесе жедел тестілеу нәтижесі теріс болған жағдайда ғана қабылдайды. Біз жылжымалы медициналық пункттерді ұйымдастырдық, онда ерекше жағдайларда ақылы негізде экспресс-тестілеуден өтіп, анықтама алуға болады. Сондай-ақ Қабанбай ауылында 12 жұқпалы төсек орын ашылып, 2 ИВЛ аппараты орнатылды.

Сондай-ақ бизнес нысандары жұмысын қайта бастауға дайын екендігін растайтын актіні алған соң ғана іске кіріседі деп атап өтті әкім.

 

Барлық бизнес нысандары дайын болу туралы актіні алғаннан кейін ғана өз жұмысын бастайды. 13-23 маусым аралығында жиекте COVID-19 жұқтырудың бірде-бір оқиғасы болмаған жағдайда, толтыру көлемін 75%-ға дейін ұлғайтамыз. Егер 1 шілдеге дейін қауіпсіздікті сақтасақ, онда барлық базалар толық қуаттылықта жұмыс істей бастайды. Ол үшін практика көрсеткендей, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды мүлтіксіз орындау қажет, - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар Д. Ахметов биыл  Үржар әуежайын қайта жаңарту жұмысы басталатынын, электрмен жабдықтау мәселесін шешетіндігін айтқан.



Өзгелердің жаңалығы